Танымал әнші Ақбота Керімбекова ұзақ жылдар тұрған Алматы қаласынан Астанаға көшіп кеткенін мәлімдеді.
Өнер иесі бұл шешімді өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен байланыстырып, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба қалдырды.
«Алматыдан Астанаға көштім. Кейде өмір бізді жаңа орындарға алып барып, жаңа сезім, жаңа тыныс сыйлайды. Дегенмен, Алматы – әрқашан жүректе. Енді біраз уақыт Астананың самал желін, салқын таңдарын сезінейін деп тұрмын», – деп жазды әнші.
Әншінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқы тудырды. Бірі оның шешімін құптаса, енді бірі өміріндегі өзгерісті түрліше жорыды.
«Қоныс құтты болсын, жаңа ортаңыз сәтті болсын», «Астана – жаңа бастамалардың қаласы, бәрі жақсы болады», «Бала мен келін сыйғызбаған сияқты ғой», «Жаңа тыныс, жаңа өмір бастау – дұрыс шешім», – деген пікірлер жазылды.
Кейбір желі қолданушылары әншінің жеке өміріндегі қиындықтарға меңзеп, оның отбасылық жағдайына қатысты түрлі болжам айтты. Бұған дейін де Ақбота Керімбекова өмір жолындағы сынақтар мен өзгерістер туралы ашық айтып жүрген болатын.
Айта кетейік, Ақбота Керімбекова – қазақ эстрадасындағы ең танымал әрі сүйікті әншілердің бірі. Оның «Аппақ гүлдер», «Таңғы бақ», «Қарындас» сияқты әндері тыңдарманның ыстық ықыласына бөленген.
Енді әнші Астанада шығармашылық бағыттағы жаңа жобаларды қолға алуды жоспарлап отыр.