Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Біреу бірдеңе тығып ала ма деп қорықтық». Дариға Бадықова күзетпен жүруін түсіндірді

Видеодан скрин

Танымал актриса Дариға Бадықова «Aq pen Qara» подкастына берген сұхбатында Атырауда мейрамханаға күзетпен баруына қатысты сынға жауап берді. 

«Күзетті біз емес, мейрамхана иесі ұсынды»

Бадықованың айтуынша, күзетпен жүру туралы шешімді өздері емес, ұйымдастырушылар қабылдаған.

«Біз «болдық, толдық, күзетші беріңдер»деген жоқпыз. Біз корпоративке бардық. Бізге де ақша керек. Мейрамхана иесі өзі берді күзетті. Өйткені халық жылына бір рет көңіл көтереді, қысылмасын деп. Әртүрлі адам бар ғой, біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз. Кейін осыны екі түрлі бағытта шығарып жіберді: «Батыс жабайы» деп. Мен ондай айта алмаймын. Кассаның 70 пайызын батыс өңірінің халқы жасайды. Бұл – елге, жерге бөліну емес. Батыс халқы өте жанашыр», – деді актриса.

 

«Күзетсіз кіргенде өліп қала жаздадық»

Сол сапарға бірге барған актер Олжас Абай да сол оқиғаның мән-жайын айтып өтті.

«Бір күнде 8 мейрамханаға бардық. Біреуінде күзетсіз болғанда – өліп қала жаздадық. Халық итеріп, Дариғаның шашынан жұлып, бәрі қысылып қалды. Бірінен шығып, біріне үлгермей жаттық», – деді ол.

«Біздің өнер иелерінің күзетпен жүруі қалыпты жағдай»

Дариға Бадықова отандық жұлдыздардың күзетпен жүруіне түсіністікпен қарау керек екенін айтты.

«Қайта біздің елдің актерлары күзетпен жүргеніне қуану керек. Голливудта жүргендерді күзет қоршап жүреді деп таңғаламыз ғой. Ал бізде неге қуанбайды? Өз елімізде осындай жағдайға жеттік қой. Қазақ спорт пен өнерден басқа несімен дәлелдейді?» – деді актриса.

Актриса бұл оқиға арқылы отандық өнерпаздарға қоғам тарапынан түсіністік пен құрмет қажет екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет сыйлық жасап, 7 мың адамға үй бермекші

Redaktor

«Томирис» жақында сәбилі болмақ». Актриса Альмира Тұрсын жүкті екенін жариялады

Redaktor

Мөлдір Мұқан «Қорқыт–қобыз» әнін орындап, жұрттың сынына қалды

Redaktor

Пікір жазу