Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа «Халық әртісі» деген атақты беру туралы ұсынысты қолдады.
Бұған дейін шымкенттік әнші Нұрлан Еспанов Қайрат Нұртас «Халық әртісі» атануға лайық деген.
«Қайрат Нұртасқа «Халық әртісі» атағын беру керек. Қалай десек те, ол сол атаққа лайық. Кафеде ән айтқандар да сол атақты алып жатыр ғой. Таңғалам да, бізде әншіге атақ беру мәселесі қызық. Мысалы, маған ешқандай атақ берілмеген. Атақ беріле қалса, елден қашып кетпеймін ғой. Сол атақты алғандар баратын санаторийге де бармай-ақ қояйын. Бірақ бізде өнер адамын бағалауда түсініксіз жағдайлар бар ғой», — деді Нұрлан Еспанов.
Осыдан кейін Гүлзира Айдарбекова парақшасында Еспановқа ризашылығын білдірді.
«Мойындаудың өзі ерлік қой. Нұрлан інім, өзі ақ жарқын, аузын ашса жүрегі көрінетін, бәрін айта салады, риза болам. Тек Қайрошын мақтайтыны емес, жалпы сондай адам, ешкімге зияндық жасамайды, ренжітпейді де, өмірді кинодағыдай сүре біледі. Алла бақ берсін, жақсы адамым!» — деп продюсер.
Көпшілік продюсердің бұл әрекетін ұлына халық әртісі атағын беруді сұрап отыр деген топшылаған.
