Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарСпорттан тыс

Күйеуіме ақшасын өзім төлеп, екі рет Меккеге жібердім – Дариға Бадықова

Коллаж: sn.kz

Танымал актриса Дариға Бадықованың экс-жолдасымен қарым-қатынасы қоғамда қызу талқылатып жатыр. Осы орайда актрисаның журналист Жанар Байсемізге берген сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды beksports.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бадықованың айтуынша, бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың табыс таппай, актрисаның өзінен ақша сұрап отырған.

«Жер үйді салған кезде ақша жоқ. Қақпасы жоқ үйден кіріп-шығуға ұялатынмын. Бұйырғаны болады ғой, Құдай береді дейді. Сөйтсе, «Құдайы мен». Иә, жерді алды, бірақ үйді менің ақшама салдық. Бірақ мен үйді беріп кеттім.

Мен неге осы уақытқа дейін ол кісінің газын, светін төйлеп отырдым?! Театрда жүреді, бірақ маған рөл бермейді деп отырады. Рөл бермесе кетпейсің бе енді, дедім. Қолындағысын лақтырады, қирата салады. «Таптым-ау сені» киносын түсірмей жатып үйден кетіп қалған адаммын. Мен жүріп кеткен, көзіне шөп салып кеткен әйел болсам ол менен көк тиын алмайтын еді. Дүкеннен нан ала сал десең, ақша берсеңші дейді. Нанға ақшасы жоқ. Аузына Алланы алып «жертва» болмай-ақ қойсын. Меккеге жолдама алып берші деп алғызып алды. Меккеге миллион теңге бердім. Менің ақшаммен екі рет Меккеге барып келді», — дейді актриса Дариға Бадықова.

Ұқсас жаңалықтар

Дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасына қатысатын болды

Redaktor

Тоғызқұмалақтың атауын өзгертуге Үкімет қарсы шықты

Redaktor

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Францияда жаттығуда

Redaktor

Пікір жазу