Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының марапат алмағанына ренжіді

qandastar.kz

Белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының еңбегі мемлекет деңгейінде жеткілікті бағаланбай отырғанына қынжылыс білдірді. Оның айтуынша, ұлттық музыканы заманауи бағытта дамытып, домбыраның үнін әлемдік сахнаға алып шыққан ұжым әлі күнге дейін Қазақстаннан ресми марапат алмаған.

Продюсердің пікірінше, «Ұлытау» – ұлттық мұра мен қазіргі музыканың үйлесімін сәтті ұштастырған ерекше жоба. Топ қазақтың күй өнерін жаңа биікке көтеріп, Құрманғазының «Адай» күйін Батыс классикасымен тең дәрежеде таныта білді. Болманов атап өткендей, ұжым әлемдік деңгейде екі бірдей Гран-при иеленіп, қазақ өнерінің беделін арттырған.

Ұлытау жеті жыл бұрын Домбыра күнінің идеясына, ал үш жыл бұрын Ұлытау облысының құрылуына рухани серпін берген феномендердің бірі болды. Соған қарамастан, топ Қазақстаннан бірде-бір марапат немесе алғыс қағазын алған жоқ. Ең қызығы, осыдан 15 жыл бұрын олар Ингушетия Республикасының халық әртісі атағын иеленген, – деді Болманов.

Ол бұл жағдайды қоғамдағы әділетсіздіктің көрінісі ретінде бағалап, «Неге өз еліміз мойындамайды? Неге ұлттық музыканы әлемге паш еткен топ назардан тыс қалды?» деген сұрақтарды көтерді. Продюсердің айтуынша, «Ұлытаудың» шығармашылығы – ұлттық идеология мен мәдени саясаттың нақты нәтижесі.

Анықтама:

«Ұлытау» – этно-рок жанрында өнер көрсететін қазақстандық топ. Ұжым домбыраны басты аспап ретінде пайдаланып, дәстүрлі күйлерді классикалық және заманауи аранжировкалармен үйлестіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Нұртастың қызына қатысты мәлімдеме жасалды

Redaktor

Күн сайын түрме мен аурухананың арасында жүрдім – Баян Есентаеваның үлкен қызы

Redaktor

«Томирис» жақында сәбилі болмақ». Актриса Альмира Тұрсын жүкті екенін жариялады

Redaktor

Пікір жазу