Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Үш баласымен өзінен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан блогер жан сырын ақтарды

https://www.instagram.com/super.mamanesi/

Маңғыстаулық блогер Несібелі Ахметқызы желіде өзінен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шыққаны туралы қызу пікірталастарға себеп болды. Қазір блогер отбасы екеуі Алматыда тұрып жатыр.

Несібелі жолдасымен “Qoslike” қосымшасы арқылы танысқанын айтты.

Тұрмысқа шығуым қоғамда көп талқыланды, ол рас. Бірақ жас дегеніміз тек сан ғана емес пе? Сан маңызды емес. Жолдасымды қабылдап қойған соң, басқалардың сөздері маған әсер етпеді. Біз бір-бірімізді ұнаттық, сондықтан ешкімнің пікіріне мән бермедік. ‘Qoslike’ арқылы таныстық. Ол бірінші бағдарламаға қатысып, үміткер болды. Оның видеоларын көріп, 2-3 видеосын тамашалап, ұнатып қалдым. Сосын өзім үміткер болып қатыстым. Осылайша танысып, отбасын құрдық, – дейді Несібелі.

Қазіргі таңда блогер үш баланың анасы. Бірінші некесінен кейін екінші рет тұрмысқа шығуға саналы түрде бел байлаған.

Балаларым әлі кішкентай болғанымен, олар жаңа отбасыны жақсы қабылдады. Бұрын ‘Бізге әке қашан келеді?’, ‘Әке әкелші’ деп сұрайтын. Ұлым мен қызым қарсы болмаса, ата-анам да батасын беріп, ұзату тойымды ұйымдастырды. Ата-анамның сенімін ақтауға тырысамын. Ата-енеммен де араздық жоқ, – деп бөлісті блогер.

Тұрмысқа шыққаны үшін сынға қалғанын да жасырмады. Ұзату тойда сәукеле киюінің себебін түсіндірді.

Қазақ дәстүрінде екінші рет беташар жасалмайды. Біздің тойда да беташар болмады. Бірақ сырға салынып, құда түсу рәсімдері болды. Бұрынғы күйеуім мені алып қашқан еді. Сол кезде құда түсу, сырға салу, ұзату той дегендер болған жоқ. Бірақ адам қалаған кезде салтқа қарамайды екен. Мен де ұзатылып, сәукеле киіп көргім келді. Өзім қалаған соң ешкімнің пікіріне құлақ аспадым. Мұсылманша некемізді қиып, мәһрге алтын жиынтық талап еттім, – деді желі жұлдызы.

Ұқсас жаңалықтар

Гауһар Әлімбекова туралы тың ақпарат шықты

Redaktor

Асылхан Төлеповтің қарындасы екінші рет тұрмысқа шықты

Redaktor

Әнші Айгерім Қалаубаева биімен желіні шулатты

Redaktor

Пікір жазу