Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева әлеуметтік желіде келін болып түскен кезіндегі қызықты оқиғасын айтып, жұртты күлкіге қарық қылды.
Динара ханымның айтуынша, жас келін кезінде ас үйде тәжірибесі аз болғандықтан, бір күні қызып тұрған майға ет салып жіберген, сол сәтте май қатты атылып, дауыстан қонақтардың қолындағы кесе түсіп кеткен. Бәрі абдырап қалғанымен, бұл жағдай кейін отбасы арасындағы ең есте қаларлық әрі күлкілі естеліктердің бірі болыпты.
«Бәрі шулап кеткен, өзім де қорқып кеттім. Бірақ қазір сол күнді еске алсақ, бәріміз күлеміз», — дейді Динара Майғазиева.
Ол бүгінде келінімен асханада жағаласқысы келмейтінін айтып, тамақты жазғы ас үйде әзірлегенді жөн көреді.
«Келінмен жағаласып жүргенді құп көрмеймін. Оның да өз ойы, дайындағысы келетін тағамдары бар шығар. Сондықтан бөлек асүйде тамақ жасағанды дұрыс көремін», -деп түсіндірді ол.
Желі қолданушыларының арасында пікір екіге бөлінді: бірі Динара ханымды қолдаса, енді бірі жас келінге еркіндік беру керек емес пе деп сын айтты.
«Қойыңызшы, бәрін өзіңіз істей бересіз бе?», «Бір үйде екі ас үй ұстау – мақтаныш па, ыңғайсыз ба?» — деген пікірлер де жазылды.
Бірақ көпшілік Динара Майғазиеваның ашықтығы мен қарапайымдылығына тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.