Белгілі әнші Шахизада көпшілікке сүйіктім деп таныстырған әнші Ерболат Ержанбаев бұрынғы жарына қайта оралды.
Өнер иесі әлеуметтік желіде әйелімен бірге бейнебаяннан үзінді жариялап, жұбайын көпшілікке таныстырды.
«Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы – есімі Мереке. Елі – Қоңырат, Құлшығаш. Біз бақытты жандармыз. Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы. Айтпақшы, осы уақытқа дейін инстаграм парақшасы болмаған. Көп сынай бермеңіздер, менің келіншегім актриса емес, қарапайым мұғалім. Видеоға өзім түсуге ұсыныс жасадым, бастапқыда қысылды», – деп жазды Ержанбаев.
Әнші осылайша әлеуметтік желіде тараған қауесеттерге нүкте қойып, отбасымен қайта табысқанын көрсетті.
Бұл жаңалықтан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі Ерболатты отбасына қайта оралғаны үшін құптаса, енді бірі оның бұған дейінгі әрекеттерін сынға алды.
«Шахизада не болды?», «Халыққа танылу үшін Шахизаданы пайдаланды», «Осыған тұрмысқа шыққанын айтып еді ғой, Шахизада ханым», «Қатыны кім екенін өзі де білмей жүрген сияқты», «Бастысы, отбасы аман болсын», – деп жазды желідегілер.
Кей тыңдармандар мұны пиар немесе түсініспеушіліктің нәтижесі деп бағалады.
Еске салайық, бұған дейін Шахизада сұхбаттарында Ерболат Ержанбаевты сүйіктім деп атап, олардың арасындағы жас айырмашылығына қатысты пікір білдірген болатын. Әнші екеуінің шығармашылық байланысын да жасырмаған еді.
Ал Ерболаттың соңғы жазбасы олардың арасындағы қарым-қатынас аяқталғанын аңғартады.