Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Соққыға жығылған «Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі жаңа әнін шығарды

әлеуметтік желіден

«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа туындысы жарық көрді. Топтың Instagram-дағы ресми парақшасында «Сен жоқ жерде» атты әнге жаздық бейнесниппет жарияланды. Әннің әуені Арман Дүйсеновтікі, сөзі Ринат Зайытқа тиесілі.

Топ мүшелері желідегі жазбасында тыңдармандарға алғысын білдірді:

Ал ағайын, қабыл алыңыздар, сіздерге Арман Дүйсеновтің әніне, Ринат Зайыттың сөзіне жазылған «Сен жоқ жерде» әніне жазда түсірілген видеосниппетімізді тарту ете отырайық. Барлығыңызға шексіз алғысымызды айтамыз, осы күнге дейін қолдауларыңызды сезіндік. – Нұрлан Қонысбай, Ғалымжан Сүлеймен, — деп жазылған әлеуметтік желіде.

Әлеуметтік желі қолданушылары өнер иелерін құттықтап, жаңа әнге жылы пікірлер қалдырды:

«Керемет!», «Ғалымжанның дауысы ерекше, Нұрлан екеуі керемет дуэт. Жаңа әндеріңіз көп болсын, хит болсын», «Керемет дауыс иелері, өте жоғары деңгейде орындап шықтыңыздар, тыңдаймыз», «Ғалымжанның дауысы мен ән айту мәнері ерекше, Нұрлан екеуінің дауысы үйлесімді».

Ұқсас жаңалықтар

Алтынбек Қоразбаевқа қызықпадым, ол маған қызықты — Сандуғаш Стамғазиева

Redaktor

Арман Дүйсеновтің ұлымының өлімінде күмәнді жақтары өте көп — заңгер

Redaktor

«Бай болсам өзім-ақ алып берер едім»: Мақпал Жүнісова Баян Алагөзованы көмектесуге шақырды

Redaktor

Пікір жазу