Әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі бейнежазба жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Бейнежазбада өнер иесі өзінің концертінде терең мағыналы өлең жолдарын оқып тұрған сәті көрсетілген. Тыңдармандарды ерекше толқытқан өлең жолдары былай деп басталады:
«Сен менің білмедің қадірімді.
Мен саған таға алмаймын қазір мінді.
Егер де мен өмірден ғайып болсам
Қопарып іздеп жүрме қабірімді,
Сен менің білмейсің ғой қадірімді…»
Желі қолданушылары әншінің сөз өнеріне тәнті болып, пікірлерін қарша боратты.
Көпшілігі:
«Бәрекелді!», «Керемет! Мықты өлең!», «Өнердегі орны биік, ақылы мен даналығы бір төбе – нағыз алтын адам», «Сіздің қадіріңізді білмей жүрген қандай қыз, Құдай-ау», «Тоқтар ағам бала махаббатты жырға қосып, алғаш рет ғашық болғандай оқыды ғой», деп жылы лебіздерін білдірді.
Өнер жанашырлары әншінің жүректен шыққан жыр жолдарын ерекше қабылдап, бейнежазба көпшілік арасында кең таралды.
