Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Төреғалидың қарындасы күйеуіне 1,5 млн теңгенің сөмкесін сыйлады

Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі күйеуі Ернар Мұсабайға 1,5 миллион теңге тұратын сөмке сыйлады.

Алла қаласа, біздің бір-бірімізге сыйлайтын сыйлықтарымыздың құны да, өзі де өсе берсін, – деді Дина Төреәлі.

Қымбат сыйлыққа қатысты оқырманның пікірі қақ жарылды. Бірі «құтты болсын» айтып жатса, екінші тарап мұны құр мақтаншақтық деп бағалады.
«Басқа немен мақтансын?!» «Жұрт нанға ақша таппай жүргенде…» деген сыңайдағы пікірлер көп.

Дина Төреәлі әлеуметтік желіде блогер ретінде көпшілікке жақсы таныс. 20 жастағы ару жеке өмірі жайлы өзінің парақшасында жиі жазады. Күйеуі футболшы. Қайын атасы бұрын Арал ауданында әкім болған.

Айта кетейік, Төреәлі әулетінің үлкен қызы Фариза да спортшыға тұрмысқа шыққан. Оның жолдасы Дархан Нортаев – джиу-джитсудан әлем чемпионы.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Қақиып тұрып алады». Гүлзира Айдарбекова келіндер туралы айтты

Redaktor

Алтынай Жорабаева балконға жайылған соғымымен мақтанды

Redaktor

Дариға Бадықованың экс-жұбайы шындықты ашуға дайын екенін мәлімдеді

Redaktor

Пікір жазу