Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Заңғар Нұртас ағасы Қайрат Нұртастың отбасына қатысты пікір білдіргендерді сынға алды

Фото: әлеуметтік желі

Танымал блогер Заңғар Нұртас әлеуметтік желіде ағасы Қайрат Нұртастың отбасына қатысты түрлі пікір жазып, жеке өміріне араласатын адамдарға жауап берді.

Блогердің айтуынша, соңғы уақытта оған ағасының отбасына байланысты хат жазатындар көбейген.

«Соңғы кездері осылай жазатын адамдардың саны артып кетті. Әркімнің өз ойы бар, бірақ біреудің отбасына араласу дұрыс емес деп ойлаймын. Ол үйдің ішінде не болып жатқанын білмей жатып, сырттай тон пішудің қажеті жоқ. Мен де отбасымның бақытты, тату болғанын қалаймын. Қазақта «екі жастың арасына есі кеткен түседі» деген сөз бар, соны ұмытпаған жөн», — деді Заңғар Нұртас.

Сонымен қатар ол ағасы Қайрат Нұртастың табысына, өздерінің өмір сүру жағдайына қатысты айтылатын сындарға да жауап берді.

«Көпшілік “Қайрат аға әке-шешесінің арқасында өмір сүріп жатыр” деп жатады. Иә, біз жаман өмір көрмедік, соған себеп — Алла, содан кейін ата-анамыз бен ағамыздың еңбегі. Олар бізге дайын ақша емес, өмір сүруге қажет “қармақты” берді. Қалай күн көріп жүргенімді менің жақындарым біледі. Әрине, ешкімге ешнәрсе дәлелдеудің қажеті жоқ, бірақ кей пікірлер жүйкеге тиеді. Түсіністікпен қарасаңыздар деймін», — деп жазды блогер.

Ол сондай-ақ көпшілікке өзінің сөздері мен пікірлерінің жас ұрпаққа әсер ететінін де еске салды.

«Біз халықтың алдында жүрген соң, әр адамның пікіріне тосқауыл қоя алмаймыз. Бірақ біздің және ағаларымыздың өсіп келе жатқан ұл-қыздары бар. Соларға бұл пікірлердің әсер етпегенін қалаймыз. Әрқайсыңыз бала тәрбиелеп жатырсыздар — соны ұмытпаңыздар. Рақмет», — деп қорытындылады Заңғар Нұртас.

Ұқсас жаңалықтар

Күйеуіме ақшасын өзім төлеп, екі рет Меккеге жібердім – Дариға Бадықова

Redaktor

Туған қайын ағасына тұрмысқа шыққан келіншек бар шындықты айтты

Redaktor

Айқынның әйелі Жұлдыз көзіне жас алды

Redaktor

Пікір жазу