Әнші Жазира Байырбекованың бауыры Ләззат Байырбекованың ұлы сүйіктісіне арнайы ұсыныс жасады.
Блогер Тәуіржанның таңдауы – бұрын тұрмыста болған қыз.
Тәуіржан қуанышты жаңалығын желідегі парақшасында бөлісті.
«Ол иә деді», — деп жазды ол.
Ләззат Байырбекова ұлының шешіміне қатысты өз пікірін ашық жеткізді. Ол келін сөзіне асықпайтынын айтып, әлі ресми түрде қабылдай алмайтынын атап өтті.
«Келініңіз құтты болсын деп жатыр. Ол сөзді шын келін болған кезде ғана қабылдаймын, қазір жоқ. Келін, немере құтты болсын деп жатыр. Немереге, сондай күнге Құдай жеткізсін. Балаларым үйленіп, бүтін сәбилер туылып, осындай тілектерді қабылдайтын күнге жетейін», — деді ол.
Сонымен қатар ол ұлының бұл шешіміне күмәнмен қарайтынын да жасырмады.
«Мен сеніп отырған жоқпын. Шынымен ұлым ғашық болса екен. Тәуіржан үйленуге дайындалсын, жиналсын, достарына жем болып жүрмесін. Үйлену үшін де жағдай керек қой», — деп қосты Ләззат Байырбекова.
Желі қолданушылары жаңалықты белсенді талқылап жатыр. Бірі блогердің бақытын тілесе, енді бірі анасының алаңдаушылығын түсінетінін жазуда.
