Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсті

Отандық актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсті. Қайрат Нұртастың жұбайы қазір неврология бөлімінде жатыр.

Актриса денсаулығы сыр бергені туралы Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

Осыдан екі күн бұрын қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Күндізгі стационарда неврология бөліміндемін. Дәрігерлердің айтуы бойынша, әзірге ем алуым керек. Содан кейін тексерістен өтемін, қазір қан талдауын тапсырып қойдым. Енді МРТ-ға түсемін, содан кейін диагноз белгілі болады. Сондықтан ауырмаңыздар. Іздеп жатқан жандарға көп рақмет. Мен осындамын, — деді ол.

Осы орайда Жұлдыз Әбдукәрімова бастың ауыруына немқұрайлы қарамау қажет екенін ескертіп, бірнеше кеңес берді.

Негізі 2016 жылдан бері бас бойынша ем қабылдап келе жатқан едім. Кейіннен карантин салдарынан локдаун болған кезде мүлде ұмытып, есімнен шығып кетті. Содан кейін қазақилығыққа салынып, алты ай сайын ем қабылдауымды кейінге шегеріп тастадым. Біз ауырсақ, «басымның сақинасы ұстап тұр» дейміз, «шай ішпедім» деп шайдан көре саламыз. Кейде «бір жағдайға байланысты басым ауырып тұр», «біреуден сөз естіп қалдым» деп немқұрайлы қараймыз. Солай қолымызды бір сілтеп, қоя саламыз. Негізі олай болмайды.Егер басыңыз ауырса, ауа райының қолайсыздығы, шай ішкен-ішпегеніңізге түк те байланысты емес. Қазіргі «ретроградты меркурий» деген түсініктің де еш қатысы жоқ. Нақты диагнозды тек МРТ қояды. Содан кейін міндетті түрде дәрігерге барыңыз. Дәрігермен кеңесіп, әрі қарай ем шараларын қабылдаңыз, — деді ол.

Қайрат Нұртастың жұбайы денсаулығына алаңдаған оқырмандарға алғысын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

«Ешкімге айтпап едік, келіп ала береді». Гүлзира Айдарбекова құдағиына ренжіді

Redaktor

Гауһар Әлімбекова туралы тың ақпарат шықты

Redaktor

Абай Бегейдің 17 жастағы аяғы ауыр қызы шошытты

Redaktor

Пікір жазу