Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық 17-орынға көтерілді

Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық 17-орынға көтерілді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 19-дан 17-орынға көтерілді.

Бұл — оның спорт мансабындағы үздік көрсеткіш.

Александр Шевченко 61-ден 59-ға ауысса, Михаил Кукушкин 135-тен 136-ға сырғыды. Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев сәйкесінше 167 және 171-орнында қалды.

Өткен аптада Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің чемпионы атанған Тимофей Скатов 242-тен 199-ға жоғарылап, ТОП-200-ге кірді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов 38-ден 40-сатыға төмендеді.

Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 4-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 37-ден 39-ға түсті.

Жұптық сында Анна Данилина 59-дан 57-ге шықса, Жібек Құламбаева 144-орында (-2) тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Парижде Ролан Гаррос турнирі басталатынын жазған болатынбыз.

Кеше Парижде қазақстандықтардан алғашқы болып шыққан Михаил Кукушкин мажарстандық Фабиан Марожаннан жеңіліп қалды — 2:6, 2:6, 3:6.

Бүгін А.Шевченко Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымында рейтингіде 82-орындағы ресейлік Аслан Карацевпен сынға түседі.

Ұқсас жаңалықтар

ҰОК Головкиннің жалақысына қатысты ақпаратқа түсінік берді

Redaktor

2030 жылғы қысқы Олимпиада өтетін жер анықталды

Redaktor

Тедди Ринер Олимпиадада ең көп жүлде иеленген дзюдошы атанды

Redaktor

Пікір жазу