Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Анна Данилина Будапешт турнирінің жартылай финалына өтті

ҚР ҰОК

Анна Данилина Будапешттегі (Венгрия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлайды.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Энеймен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:4.

Данилина – Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады

Redaktor

World Boxing рейтингі: Қазақстанның – төрт, Өзбекстанның бес боксшысы көш бастады

Redaktor

«Астана» Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өтті

Redaktor

Пікір жазу