Beksports спорт порталы
Ұлттық спорт

135 шақырымдық ASSYL TULPAR бәйгесі өтеді

2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысы, Ақсуат ауданында TAS Group қаржы компаниясының демеушілігімен 135 шақырымдық аламан бәйге өтеді, деп хабарлайды beksports.kz.

Бұл бәйге биыл Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатында ұйымдастырылмақ.

Бәйгеге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистерінен сәйгүліктер қатысады. 135 шақырымдық аламан бәйгенің жеңімпазына шетелдік автокөлік сыйға беріледі. Сондай-ақ үздік жетілікке кірген қатысушыларға да қомақты қаржылай сыйлық үлестіріледі. Бұл бәйге «Асыл бесік-Ақсуат» өнер және спорт фестивалі аясында өтеді.

Сондай-ақ, осы күні 25 шақырымдық аламан бәйге мен 15 шақырымдық топ бәйге өтеді. Бұл қашықтықта да оза шапқандар темір тұлпарды тізгіндейді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда журналистер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Redaktor

British Masters bringing out Rory McIlroy’s enjoyable best

admin_beksports

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы қысқартылды

Redaktor

Пікір жазу