«Талдықорған» иппадромында бәйгеден ел чемпионатының төртінші іріктеу кезеңі өтті. Еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық сйгүлік қатысты.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бәйге белгіленген уақыттан бір сағат кейін басталды. Жаңбырдан кейінгі жер — жылқыға да, үстінде отырған шабандозға да айтарлықтай әсер етті. Қатысушылар білгенінен жаңылып, аттар қиылыс-бұрылыстарда сүрініп жатты. Сондықтанда болар, сөреден сап түзеп шыққандар мәреге санаулы болып келіп, үздіктер қатарынан көрінгені. Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан және Ұлы Аламан бәйгеден тұрған Қазақстан чемпионаты алты сағат уақытқа созылды. Межелі жерге жеткен бес шабандозға ақшалай сый табысталды. Үздіктер күзде өтетін бас бәйгеде сынға түседі.
Бәйге жанкүйерлердің айызын қандырып, көптен күткен думанды сыйлады. Әр бәйге кезеңімен қызықты, үздіктер сүзгіден өтіп, суырылып шыққанша аса тартысты өтті. Ұлы аламан бәйгеде аты алысқа жеткен Хамза Амангелді және оның сенімді серігі «Жұмыртұяқтың» аяқ алысын байқадық. Топ ішінде, көп арасында ұзақ уақыт жасырынып келген тұлпар мәреге таяп қалғанда суырлып шыққан. Қасында елге белгілі «Самұрық» болды. Екеуара жарысып, мәреге дейін жүгенді жіберіп, аттың басын бос ұстаған. Халық көп шоғырланған жерге, мәренің қызыл сызығын бірінші Алматы облысының шабандозы кесіп өтсе, Хамза екінші болып келді.
— Бүгінгі сынға түсіп отырған барша атбегілерге, шабандоздарға алғысымды білдіремін. Ат баптау, оны қарап-күту үлкен шеберлік. Біз бұл саланы ғылымға алып алып келуіміз керек. Атадан баланың қанына сіңіп, бойына бітіп келе жатқан төл спортымызды әлі үлкен дәрежеге көтеруге тиіспіз, — деді өз сөзінде Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев.
«Талдықорған» иппадромында өткен ел чемпионатының төртінші іріктеу кезеңіндегі нәтиже |
||||
Құнан бәйге 9 шақырым |
Топ бәйге 14 шақырым |
Аламан бәйге 20 шақырым |
Ұлы аламан бәйге 27 шақырым |
|
І-орын |
2 500 000 теңге.
«Жұлдыз». Шабандоз – Ислам Әуесхан. |
4 000 000 теңге
«Айқабақ» Шабандоз – Жамбыл Бөбекбай |
5 000 000 теңге
«Бүркіт» Шабандоз – Бекзат Ділдахан |
5 000 000 теңге «Самұрық» Шабандоз – Әлібек Нұрғазыұлы
|
ІІ-орын | 1 000 000 теңге.
«Қарлығаш». Шабандоз – Бекжан Ержанұлы. |
1 500 000 теңге
«Қалқаман» Шабандоз – Арнұр Саматұлы |
2 000 000 теңге
«Рахмет» Шабандоз – Айбын Өмен (Жетісу облысы) |
2 000 000 теңге
«Жұмыртұяқ» Шабандоз – Хамза Амангелді |
ІІІ-орын | 700 000 теңге
«Бұйрық». Шабандоз – Бекарыс Нүсіпжан. |
800 000 теңге
«Шұғыла» Шабандоз – Абзал Тұрғанбек |
1 000 000 теңге
«Тасқын» Шабандоз – Жасұлан Нұрбаев (Жетісу облысы) |
1 000 000 теңге
«Фортуна» Шабандоз – Арнұр Саматұлы |
IV- орын | 300 000 теңге
«Тайсон». Шабандоз – Абзал Тұрғанбек. |
500 000 теңге
«Зауырхан» Шабандоз – Санжар Иринат |
700 000 теңге
«Бэлла» Шабандоз – Арман Қасенғали |
700 000 теңге
«Император» Шабандоз – Айсұлтан Бақытбек |
V- орын | 200 000 теңге
«Лагетта». Шабандоз – Арнұр Саматұлы |
300 000 теңге
«Қозыкүрең» Шабандоз – Бекзат Ділдәхан (Алматы облысы) |
400 000 теңге
«Алаш» Шабандоз – Мұқағали Сембек |
400 000 теңге
«Қаһарман» Шабандоз – Мұхтар Жеңісбек |