БАӘ-нің Дубай қаласында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әуесқой бокс бойынша әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін шаршы алаңға Қазақстан құрамасынан бірден жеті боксшы шығады.
Күндізгі сессия
Басталуы: 18:00 (Астана уақытымен)
67 кг: Санатәлі Төлтаев (Қазақстан) – Касио Сантос Оливейра (Бразилия)
80 кг: Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) – Джамбулат Бижамов (Ресей)
92 кг: Нұрмагамед Юсупов (Қазақстан) – Эммануэль Рейес Пла (Испания)
+92 кг: Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) – Иман Рамизанпурделвар (IBA-Pro)
Кешкі сессия
Басталуы: 22:00 (Астана уақытымен)
48 кг: Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) – Девендра Сингх Саланди (Үндістан)
75 кг: Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) – Таухиримати Тохерири-Халлит (Жаңа Зеландия)
60 кг: Серік Теміржанов (Қазақстан) – Эндрю Чилата (Замбия)
Еске салайық, 2025 жылғы әлем чемпионаты IBA қолдауымен БАӘ-де 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Дүбірлі додада 13 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынады.
