Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Португалия мен Өзбекстан құрамасы арасындағы матчтың қашан өтетіні белгілі болды

Фото: Getty Images

Әлем чемпионатының дебютанты атанған Өзбекстан ұлттық құрамасының мундиальдағы алғашқы қарсыластары анықталды. Фабио Каннаваро шәкірттерінің топтық кезеңдегі матчтарының күндері мен ойын өтетін стадиондары белгілі болды.

K тобында сынға түсетін Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін 17 маусымда Колумбияға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 8:00-де басталады.

23 маусымда Өзбекстан құрамасы Португалиямен кездеседі. Ойынның басталу уақыты – 23:00.

Ал 28 маусымда өзбек футболшылары құрлықаралық плей-офф жеңімпазы – Конго Демократиялық Республикасы, Ямайка немесе Жаңа Каледония құрамаларының бірімен ойнайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан стенд атудан Азия кубогында рекорд орнатты

Redaktor

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа пәтер сыйлады

Redaktor

Ағайынды Оралбай мен Төрехандардың жекпе-жектерін қайдан көруге болады

Redaktor