Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы IBA әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

aikyn.kz

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов биыл өтетін IBA әлем чемпионатына ұлттық құраманың дайындық деңгейі туралы пікір білдірді.

Команда құрамын жасақтап қойдық, боксшылар жеткілікті. Қараша айында Италияда World Boxing ұйымының президентін сайлау өтеді. Сол кезде нақты шешім шығарылады. Егер бізге «қатыса аласыздар» десе, құрамамызды жарысқа жібереміз, – деді Ақшалов.

Айта кетейік, әлем біріншілігі 2-13 желтоқсан күндері Дубайдың әйгілі Tennis Stadium аренасында өтеді.  Екі аптаға созылатын ауқымды жарыс Festival of Boxing спорт мерекесінің басты оқиғасы болмақ. Әлемнің үздік боксшылары бас қосатын додада жалпы 8 миллион доллар жүлде қоры қойылып отыр. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпазы 300 мың доллар иеленеді. Бұл – бокстың тарихындағы ең қомақты жүлде қоры.

IBA президенті Умар Кремлевтің айтуынша, рекордтық жүлде қоры ұйымның боксшыларды қолдауға, жаттықтырушылар мен ұлттық федерациялардың еңбегін бағалауға деген айқын ұстанымын білдіреді. Жүлделер келесі үлгіде бөлінеді:

I орын – 300 000 доллар

II орын – 150 000 доллар

III орын – 75 000 доллар

V орын – 10 000 доллар

Әр сыйақының 50%-ы боксшыға, 25%-ы бапкерлерге, 25%-ы ұлттық федерацияға беріледі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық клуб еуропалық чемпионаттардан екі шабуылшыны қатарына қосты

Redaktor

Қазақстан U-17 құрамасы Минсктегі жарысқа қатысады

Redaktor

«Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

Redaktor

Пікір жазу