Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары жұмбақ жағдайда қайтыс болды

shyndyk.kz

Бүгін түнде Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров белгісіз жағдайда қайтыс болды деп хабарланды. Бұл туралы «Чиновник» телеграм-арнасы мәлімдеді. Дегенмен оның өлімі туралы әлі бірде-бір ресми дереккөз хабарлаған жоқ.

Кейбір дереккөздердің мәліметінше, Астана қаласының полициясы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алдын ала анықталғандай, бұрын таныс екі ер адамның арасында сөздік қақтығыс туындап, соңы төбелеске ұласқан. Түрлі жарақат салдарынан 56 жастағы ер адам қайтыс болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылы ол Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалған.

Бұған дейін Бабақұмаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болған (2019 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін).

Сонымен қатар, биылғы 29 қаңтарда ол Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін мас күйінде айдап, 15 тәулікке қамалған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Актриса Фариза Ескермес ана болуға қатысты ішкі қорқынышын ашық айтты

Redaktor

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Ұлықпан Жолдасов жайлы айтты

Redaktor

Алтынай Жорабаеваның аяқ астынан қалай 37 келі тастағаны белгілі болды

Redaktor