Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтармен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

ҰОК

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов танымал қазақстандық актер және ММА файтері Еркебұлан Тоқтармен мүмкін болатын жекпе-жек туралы ойын айтты.

Кейбіреулер «Еркебұланмен шықсаң ұят болады» деп айтады. Бірақ оны дұрыс бағалаңдар, Еркебұлан – өте танымал және медиа тұлға. Мен «Мен Еркебұланмен шығамын, ұйымдастырыңдар» деп нақты айтқан жоқпын. Егер бұл Джошуа мен Джейк Пол жекпе-жегіндей шоу форматында ұйымдастырылса, біздің елде де мүмкін, – деді Данияр.

Сонымен қатар ол Еркебұланды жеке танысы, досы әрі інісі сияқты адам деп сипаттап, бұрынғы мәлімдемесінің оған қатысты еместігін атап өтті.

Бұрынғы сөзім сол кезде «Мен медиа тұлғамын, сондықтан көбірек ақы сұраймын» деп айтқан адамға қатысты еді. Еркебұлан – адал және жақсы адам, – деді Елеусінов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от beksports (@beksports.kz)

Ұқсас жаңалықтар

«Сенсация болады»: Әлемнің бұрынғы чемпионы Әлімханұлына қауіпті болжам жасады

Redaktor

Ұлттар лигасында әйелдер құрамасы екінші рет жеңіске жетті

Redaktor

Төрехан Сабырхан Еуразия кубогінің жартылай финалына шықты

Redaktor

Пікір жазу