Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина US Open чемпионын жеңіп, жылды сәтті бастады

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №5) Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді сенімді жеңіспен бастады.

Жарысқа екінші айналымнан қосылған қазақстандық теннисші Қытай өкілі Шуай Чжанмен (WTA №79) кортқа шықты.

Алғашқы сетте Рыбакина басымдық танытып, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда тартыс күшейе түсті. Сет басында Елена 1:4 есебімен ұтылып жатқанымен, есепті теңестіріп үлгерді. Алайда Шуай Чжан қайтадан алға шықты.

Соған қарамастан, Рыбакина ойын тізгінін өз қолына алып, шешуші сәттерде дәл қимылдап, матчты 6:5 есебімен аяқтады.

Айта кетейік, Шуай Чжан – жұптық сында әлемдік рейтингте екінші орынға дейін көтерілген тәжірибелі теннисші. Оның еншісінде «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі чемпионы атағы бар – Australian Open-2019 және US Open-2021.

Үшінші айналымда Елена Рыбакина Чехия өкілі Мари Боузкова мен Испаниялық Паула Бадоса жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетсек, Брисбендегі турнир 4–11 қаңтар аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 1,2 миллион АҚШ доллары (шамамен 613,4 миллион теңге).

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ футзалының аңызы ұлттық құрамаға бапкер болды

Redaktor

Ермахан Ибраимов жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

Redaktor

Садриддин Ахмедов рингке қашан оралатынын хабарлады

Redaktor