Beksports спорт порталы
Басты ақпаратДзюдоЖаңалықтар

Елдос Сметов JENYS клубының капитандығынан кетті

ҰОК

Қазақстандық және әлемдік дзюдо аңызы Елдос Сметов JENYS кәсіби клубындағы спорттық жолын аяқтады. Енді ол клубтың «Даңқ залына» енді және құрметті капитан мәртебесіне ие болды.

Біз Елдосқа бірге өткізген жарқын, мазмұнды және баға жетпес жылдары үшін алғыс айтамыз. Клуб құрамында ол басты спорттық арманын орындап, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл жетістік адал еңбек, тәртіп пен қажырлы дайындықтың қандай биік шыңдарға жеткізетінін дәлелдеді. Елдостың Олимпиадалық жеңісі – Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы дзюдодан алғашқы алтын медаль. Бұл JENYS клубы үшін тарихи сәт және клубтың дамуы мен рухының айрықша бөлігі болып қалды. Ол клубқа өлшеусіз үлес қосып, рухын, кәсіби мәдениетін және спорттық амбициясын нығайтты. Елдос тек көшбасшы ғана емес, тәлімгер ретінде де жас буынға шабыт беріп, ұлттық Батыр мәртебесімен эстафетаны лайықты түрде тапсыруда, – делінген клубтың ресми хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Михаил Шайдоров әлемнің үздік алты спортшысының қатарына еніп, Гран-при финалына шықты

Redaktor

Анастасия Городко Қазақстан қоржынына екінші алтынды сыйлады

Redaktor

«Қайрат» жеңіске жете алмады

Redaktor

Пікір жазу