Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Әлем чемпионатында ширек финалға шыққандар саны бойынша көшбасшы ел анықталды

©IBA

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс федерациясы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында барлық ширек финалға шыққандар белгілі болды.

1/8 финалға тек Ресей құрамасы ғана толық құрамда шықты. Яғни, Ресейдің барлық 13 боксшысы жеңіске жетті.

Жартылай финалға шыққандар саны бойынша екінші орында Өзбекстан құрамасы – 11 боксшы. Қазақстан құрамасы 10 өкілмен үшінші орында тұр. Ерасыл Жақпеков (81 кг), Даулет Төлемісов (86 кг) және Нурмагамед Юсупов (92 кг) жарыс жолынан шығып қалды.

10 желтоқсандағы жекпе-жектер:

18:15, 48 кг: Теміртас Жүсіпов – Лал Прасад Упрети (Непал)

18:45, 54 кг: Сәкен Бибосынов – Мвенго Мвале (Замбия)

19:00, 60 кг: Серік Теміржанов – Акмал Убайдов (Тәжікстан)

19:30, 67 кг: Санәтәлі Төлтаев – Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)

20:15, 75 кг: Сабыржан Аққалықов – Мирослав Капулер-Ищенко (Израиль)

21:15, +92 кг: Нұрлан Сапарбай – Давид Чалоян (Армения)

22:15, 51 кг: Даниял Сабит – Патрик Чинемба (Замбия)

22:30, 57 кг: Оразбек Асылқұлов – Карлос Мартинес Бернад (Испания)

23:15, 63,5 кг: Ертуған Зейнуллинов – Ахмад Штиви (Израиль)

23:45, 71 кг: Абылайхан Жүсіпов – Сархан Әлиев (Әзербайжан)

Айта кетейік, жартылай финалға шыққандар кем дегенде қола медальға ие болады.

IBA ұйымдастыруымен өтетін 2025 жылғы әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнир жеңімпаздары – 300 000 доллар, күміс жүлдегерлер – 150 000 доллар, қола жүлдегерлер – 75 000 доллар, ширек финалға шыққандар – 10 000 доллар алады.

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» күтпеген жерден Чемпиондар лигасында жеңіліс тапты

Redaktor

«Селтикке» қарсы ойында үш пенальти қайтарған Темірлан Анарбеков үшін бүгін ерекше күн

Redaktor

Усиктен кейін Кроуфорд та абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылды

Redaktor