Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина карьерасына қатысты тың жаңалық шықты

Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны (Билли Джин Кинг кубогі) Юрий Щукин соңғы жылдары Елена Рыбакинаның тұрақсыз өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді.

Елена үшін бұл маусым өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда сәтті өтіп жатыр. Былтыр ол психологиялық және физикалық тұрғыдан қиындықтарға тап болды, жарақаттар да жиі мазалады. Биылғы маусымда ол тұрақты ойнап, біртіндеп бабына келе бастағаны қуантады. Менің ойымша, бұл оған келесі маусымда жақсы нәтижелер көрсетуге үлкен серпін береді. Өйткені жарты жылдай үзіліс жасау — «Үлкен дулыға» турнирлерінде жоғары деңгейде ойнауға кедергі келтіреді. Бірақ біз оның әлеуеті зор екенін білеміз, сондықтан алдағы жылы Еленаның жаңа биіктерді бағындыратынына сенеміз, — деді Щукин.

Ұқсас жаңалықтар

Анна Данилина WTA сыйлығына үміткер

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлына допинг тест тапсыруды міндеттеді

Redaktor

Тарихи жетістік: Қазақстан теннистен әлемнің ТОП-6 елінің қатарына енді

Redaktor

Пікір жазу