Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлына допинг тест тапсыруды міндеттеді

x.com/qazaqstyle

Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы біріккен титулдық жекпе-жек алдында допинг тест тапсырып, нәтижесін жариялады.

Qazaq Style лақап атымен танымал спортшы бұл туралы Instagram-парақшасында хабарлады. Ол Stories-те қан сараптамасының суретін бөлісіп, таза спортты әрдайым қолдайтынын атап өтті.

Мен қашанда таза спортты қолдаймын. Спортшының допинг қолдануына қарсымын. Біз VADA-ға тест тапсырдық, кеше нәтижесі келді — барлығы таза, – деп жазды Әлімханұлы.

Айта кетейік, Жәнібек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтетін жекпе-жекте WBA белбеуінің иегері, 42 жастағы кубалық Эрисланди Ларамен кездеседі.

1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген Жәнібек Әлімханұлы әуесқой бокста 2013 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ Азия чемпионатының жеңімпазы. Кәсіпқой рингте 2015 жылдан бері 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионатына баратын боксшылар анықталды

Redaktor

Ризабек Айтмұхан өзін сынайтындарға жауап берді

Redaktor

Ұзақ үзілістен соң кортқа оралған Елена Рыбакина жеңіліс тапты

Redaktor