Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Геннадий Головкин мансабында қанша табыс тапқаны белгілі болды

Фото: DAZN

Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақта ең көп табыс тапқан боксшылар рейтингінде көш бастады.

Surprisesports.com басылымының мәліметінше, Головкин кәсіби мансабында жалпы 150 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан. Осылайша, ол орта салмақтағы ең жоғары қаржылық көрсеткішке қол жеткізген абсолютті рекорд иесі атанды.

Мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткен трилогияның өзі GGG-ге жалпы 82 миллион доллар пайда әкелген:

– 2017 жылғы алғашқы жекпе-жек (PPV табысын қоса есептегенде) – 22 млн доллар,

– 2018 жылғы қарымта кездесу – 30 млн доллар,

– 2022 жылы өткен трилогияның шешуші айқасы – 20 млн доллар.

Айта кетерлігі, 30 миллион долларлық гонорар – орта салмақ тарихындағы ең ірі сыйақылардың бірі болып саналады.

Рейтингтің екінші сатысында америкалық аңыз боксшы Бернард Хопкинс орналасқан. Ол кәсіби рингте 51 жасқа дейін өнер көрсетіп, 60 миллион доллар табыс тапқан. Оскар Де Ла Хойяны жеңіп, абсолютті чемпион атанған жекпе-жегі оған 10 млн доллар көлемінде табыс әкеліп, Головкин дәуіріне дейін орта салмақтағы ең жоғары гонорар ретінде есептеліп келген.

Үшінші орынды Оскар Де Ла Хойя иеленді. Орта салмақта өнер көрсеткен кезеңінде ол 50 млн доллар табыс тапқан.

Рейтингтің бесінші сатысында Канело Альварес тұр. Ол орта салмақта 40 млн доллар табысқа кенелген. Бұл кезеңге Головкинмен өткізген екі ірі жекпе-жек кіреді. Дәл осы айқастар Канелоны бокстың ең ірі қаржылық жұлдызына айналдырды.

Еске салайық, Геннадий Головкин кәсіби рингте 42 жеңіске жеткен, оның 37-сі нокаутпен, 2 жеңілісі және 1 тең нәтижесі бар. Ол орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған.

Сондай-ақ Головкин орта салмақтағы нокауттар пайызы ең жоғары боксшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. 2025 жылы ол Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) қабылданған алғашқы қазақстандық атанды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанды

Redaktor

Астанада грэпплингтен Азия чемпионаты өтеді

Redaktor

World Boxing финалына қатысатын Өзбекстан құрамасы белгілі болды

Redaktor

Пікір жазу