Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына үміткерлер анықталды

ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін тағайындау үшін бірнеше кандидатураны қарастыруда.

Бірінші үміткер – Португалиялық Руй Жорже. Ол өз елінің жасөспірімдер және Олимпиада құрамаларын жаттықтырған, биыл қызметінен кетті. Жорже командалары ірі халықаралық турнирлерде тұрақты өнер көрсеткен, соның ішінде 2016 жылғы Олимпиадада. Футболшы ретінде ол «Порту» және «Спортинг» клубтарында ойнаған, жеті рет Португалия чемпионы атанған, төрт Кубок пен алты Суперкубок иеленген. Ұлттық құраманың сапында 45 матч өткізіп, бір гол соққан.

Екінші кандидат – уэльстік Крис Коулман. Ол Уэльс құрамасын 2016 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына жеткізген. «Манчестер Сити» түлегі саналатын Коулман Англияның бірнеше клубында ойнаған: «Кристал Пэлас», «Блэкберн», «Фулхэм», «Суонси». Бапкер ретінде «Фулхэм», «Реал Сосьедад», Грекияның «Лариса» және «Атромитос», «Сандерленд», Қытайдың «Хэбэй», Бельгияның «Ауд-Хеверле Левен» клубтарында қызмет атқарған. Қазіргі таңда ол Грекияның «Астерас» клубын жаттықтыруда.

Үшінші үміткер – польшалық Михал Пробеж. Ол 2023-2025 жылдары Польша ұлттық құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ «Висла», «Лехия», «Ягеллония» сияқты Польшаның ірі клубтарда жұмыс істеген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін отандық маман Талғат Байсуфинов атқаруда.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан мен Қырғызстан Орталық Азиядағы ең ірі стадион құрылысына кірісті: Қазақстан ше?

Redaktor

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы өз алаңындағы ойындарын қайда өткізетіні белгілі болды

Redaktor

Норвегия мен Австрияға қарсы ойнайтын Қазақстан футболшылары анықталды

Redaktor