Бүгін алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы турда грекиялық клубы «Олимпиакоспен» ойнайды. Кездесу Астана қаласында өтеді.
Матч 20:30-да басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді. Сонымен қатар матчты телеарнаның ресми сайтынан онлайн түрде көруге мүмкіндік бар.
Матч алдындағы негізгі деректер:
«Қайрат» еурокубок аясындағы соңғы сегіз ойында жеңіске жете алған жоқ;
Алматылық клуб Чемпиондар лигасының топтық немесе жалпы кезеңінде өткізген 11 матчтың ешқайсысында ұтпаған;
«Қайрат» соңғы алты үйдегі еурокубок ойынының бесеуін «құрғақ» өткізді;
«Олимпиакос» Чемпиондар лигасының осы кезеңіндегі 25 матчтың тек екеуінде ғана жеңіске жеткен;
Грек клубы топтық/жалпы кезеңдегі қатарынан 12 сырт алаңдағы ойында жеңіліс тапқан;
«Олимпиакос» 2016/17 жылғы Еуропа лигасында қазақстандық «Астанамен» кездескен (4:1 — өз алаңында, 1:1 — сырт алаңда).
Кездесуді испаниялық төреші Хуан Мартинес басқарады. Оған Рауль Кабаньеро мен Иньиго Прието көмектеседі. Төртінші төреші – Хавьер Альберола. VAR жүйесіне Карлос дель Серро жауапты, оның көмекшісі – Хавьер Иглесиас Вильянуэва.
Турнирлік кестеде «Қайрат» 35-орында тұрса, «Олимпиакос» 33-сатыда орналасқан.
