Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Халықаралық басылым Дастан Сәтпаевтың ойынына талдау жасап, жоғары баға берді

"Қайрат" ФК

«Қайрат» және Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Лондонның «Челси» клубына ауысуы жоғары бағаланды. Халықаралық Skiller порталы оның дамуын жан-жақты талдап, жас ойыншыны уақытында байқап, дұрыс бағытта дайындаған «Челси» селекциясын мақтады.

Сәтпаев өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 14 гол соғып, лиганың екінші нәтижелі ойыншысы атанды. Барлық турнирде 41 матч өткізіп, 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Сарапшылар оның прогресін аймақтың ең әлеуетті жас шабуылшыларының бірі деп бағалайды.

Екі клуб арасындағы келісім биыл ақпанда жасалған. 17 жасар Дастан 2026 жылғы жазда, 18 жасқа толғаннан кейін лондондық клубқа қосылады.

Ұқсас жаңалықтар

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Redaktor

Рафаэль Уразбахтин: Дастан Сәтпаев жарақатынан айықты, толық дайын

Redaktor

Күн сайын түрме мен аурухананың арасында жүрдім – Баян Есентаеваның үлкен қызы

Redaktor