Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақ қызы Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Фото: @annashtourman / @fide_chess

Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Катардың Доха қаласында өткен 2025 жылғы блицтен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, үшінші рет әлем чемпионы атанды.

Әйелдер арасындағы жарыста 21 жастағы қазақстандық шахматшы 15 турдың қорытындысы бойынша 11 ұпай жинап, көшбасшылар қатарынан плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жартылай финалда Бибісара Қытай өкілі Чжу Цзиньэрді айқын басымдықпен – 3:0 есебімен жеңді.

Финалда ол Украина шахматшысы Анна Музычукпен кездесіп, тартысты матч өткізді. Алғашқы үш партия тең аяқталса, шешуші төртінші ойында Асаубаева жеңіске жетіп, әлем чемпионы атағын иеленді.

Осылайша, Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионатын 2021, 2022 және 2025 жылдары жеңіп алып, Қазақстан тарихында бұл атаққа үш рет қол жеткізген алғашқы шахматшы атанды. Сонымен қатар ол бұл көрсеткіш бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанған ресейлік шахматшы Катерина Лагномен теңесті.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 3+2 форматында (әр партияға 3 минут және әр жүріске 2 секунд қосылады) өтті. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион еуродан асты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ балуаны 3 жылға спорттан шеттетілді

Redaktor

«Отбасым үшін емес»: Жәнібек Әлімханұлы маңызды айқас алдында рингке не үшін шығатынын айтты

Redaktor

Қазақстандық теннисшілер ITF Juniors турнирлерінде үздік шықты

Redaktor

Пікір жазу