Бахрейн астанасы Манамада өткен 2025 жылғы Азия жасөспірімдер ойындарында бокстан медаль кестесі анықталды.
Қазақстан құрамасы жарысты жоғары деңгейде өткізді. Ел боксшылары жалпы 10 медаль жеңіп алды: 5 алтын, 3 күміс, 2 қола. Дәл осындай нәтижені Өзбекстан құрамасы да көрсетті. Осылайша екі елдің боксшылары медаль кестесінде бірінші орынды тең бөлісті.
Үшінші орынға Үндістан құрамасы тұрақтады – олардың еншісінде 7 медаль (4 алтын, 2 күміс, 1 қола).
Алтын медаль иегерлері (Қазақстан):
50 кг – Жұмағали Нұрмахан
54 кг – Досжан Жұмахан
66 кг – Даниял Шалқарбай
66 кг – Аяулым Оспанова
75 кг – Камила Оспанова
Күміс медаль иегерлері:
46 кг – Арман Мирсабит
+80 кг – Рүстембек Мұхамедәлі
+80 кг – Эльнула Қонырат
Қола медаль иегерлері:
54 кг – Рамина Махатова
75 кг – Санжар Матасов
Ұқсас жаңалықтар
					Пікір жазу
				

