Beksports спорт порталы
Басты ақпаратДзюдоЖаңалықтар

Елдос Сметов Динара Сәтжанның жұбайы сыйға берген қымбат көлікті сатып, жаңасын мінді

Фото: instagram/yeldos60kg

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзіне сыйға тартылған Mercedes AMG GLE маркалы көлікті сатып, жаңа темір тұлпарға отырды.

Атақты спортшының жаңа көлігі туралы ақпаратты алғаш болып оның ағасы Жандос Сметов әлеуметтік желіде жариялады.

«Тұлпарың құтты болсын, бауырым!» – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Кейін Елдостың өзі де жаңа көлігінің жанында түскен суретін бөлісіп, жанкүйерлердің құттықтауын қабыл алды.

Бұған дейін спортшы Instagram Stories-те өзіне сыйға берілген Mercedes AMG GLE көлігін сататынын хабарлап,

«Жұғысты болсын!» – деп жаңа иесіне сәттілік тілеген еді.

Аталған көлік оған 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін кәсіпкер, тележүргізуші Динара Сәтжанның жұбайы Жұмабек Жанықұловтан сыйға берілген болатын. Сметов көлікті 45 миллион теңгеге бағалап, сатылымға шығарған.

Ұқсас жаңалықтар

Мейірім Нұрсұлтанов пен Карлос Адамес жекпе-жегі не себепті әлі өтпей келеді?

Redaktor

Қарағандыда Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрды

Redaktor

«Аспаннан түсу керек: Уразбахтин «Қайрат» футболшыларының еркелеп кеткенін айтты

Redaktor