Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Қазақстан құрамасы сапында Олимпиадаға қатысқан спортшы басқа елге кетіп қалды

ҰОК

Қазақстан таеквондосының танымал өкілі, ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі болған Жансель Дениз енді Сингапур құрамасында қызмет ететін болады.

Белгілі спортшы Сингапур командасына жаттықтырушы ретінде ауысқан. Кей деректерге қарағанда, ол тіпті бас бапкер қызметін де атқаруы мүмкін.

Жансель Дениз ресми түрде спорттық мансабын аяқтап, енді бапкерлік жолға бет бұрды. Оның жаттықтырушы ретіндегі алғашқы сынағы 2025 жылы өтетін әлем чемпионатында болмақ.

Жансель Дениз 1991 жылдың 26 тамызында Ақмола облысының Степногорск қаласында дүниеге келген. Балалық шағында Түркияға қоныс аударып, сол елдің азаматтығын алған, алайда кейіннен тарихи отаны – Қазақстанға қайта оралды. Ұлттық құраманың намысын +67 кг (OR) және -73 кг (WR) салмақ дәрежелерінде қорғаған.

Қазақстан сапындағы басты жетістіктері:

2017 жылғы Универсиада финалисі

2018 жылғы Азия ойындарының финалисі

2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының финалисі

2022 жылғы клубтық Азия чемпионатының финалисі

2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері

World Taekwondo турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері

2016 жылғы Рио-де-Жанейро және 2021 жылғы Токио Олимпиадаларының қатысушысы (тиісінше бірінші кезең мен ширек финалда тоқтаған)

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Тарихи отанына оралғаннан кейін Жансель Дениз Атырау облысының намысын қорғап келген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпиондары анықталды

Redaktor

Ризабек Айтмұхан еркін күресті таңдағанына өкініш білдірді

Redaktor

Бұрын «Таразда» ойнаған футболшы QFL-ге басшы болып тағайындалды

admin_beksports

Пікір жазу