Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Өзбекстан тағы бір ірі спорттық жарысты қабылдауға дайындалып жатыр

Өзбекстан президенті баспасөз қызметі

Азия Олимпиада кеңесінің Атқарушы комитеті 2029 жылғы IV Жастар арасындағы Азия ойындарын Өзбекстанның Ташкент қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін Ташкент бұл жарысты 2025 жылы қабылдауы тиіс болатын. Алайда Олимпиадалық қалашықтың құрылысы уақытынан кеш аяқталуына байланысты ұйымдастыру құқығынан айырылған еді.

Бахрейнде өткен Азия Олимпиада кеңесінің Атқарушы комитеті отырысында Ташкенттің жаңа мерзімде – 2029 жылы IV Жастар арасындағы Азия ойындарының астанасы болатыны ресми түрде бекітілді.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия ойындары алғаш рет 2009 жылы Сингапурда өткен. Ал екінші ойындар 2013 жылы Қытайдың Нанкин қаласында ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Барыс» рейтингте өзінен кейін тұрған командадан оңбай жеңілді

Redaktor

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

Redaktor

Бірнеше клубтан ұсыныс бар: Ғалымжан Кенжебек тағы да Еуропаға кетуі мүмкін

Redaktor