Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

«Қазір өзге бағытта жүрмін»: Жансая Әбдімәлік мансабы жайлы айтты

sportarena.kz

Белгілі қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік шахматқа қайта оралу мүмкіндігі туралы пікірін білдіріп, өз жоспары жөнінде айтты.

Шахмат менің өмірімнің ажырамас бөлігі болып қала береді. Дегенмен, қазіргі уақытта мен өмірімнің басқа кезеңіндемін – отбасыммен, аналық міндеттеріммен және ішкі үйлесімділігімді қалпына келтірумен айналысып жүрмін. Егер бір күні қайта оралғым келсе, міндетті түрде ораламын. Ал егер оралмасам, онда өзімді басқа маңызды салаларға арнаймын, – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Айта кетсек, Жансая Әбдімәлік 2023 жылдың сәуірінде тұрмыс құрған. Оның жұбайы – «Қазақмыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрахмет Нұриев.

 

Сонымен қатар, Жансая Әбдімәлік – әйелдер арасындағы Гран-приді жеңіп алған алғашқы қазақстандық шахматшы. Бұл жетістікке ол 2021 жылы Гибралтарда қол жеткізген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму Кубогын» жеңіспен бастады

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды

Redaktor

Қазақстандықтар Оразов пен Ляпунов МХЛ-дың үздіктері атанды

Redaktor

Пікір жазу