Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

Шавкат Рахмоновтың мансабына қатысты шұғыл жаңалық тарады

Фото: shavkatrakhmonov94 / instagram

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов енді салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын UFC ұйымының үздік 15 файтерінің (P4P) қатарына кірмейді.

P4P тізіміндегі өзгеріс Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен турнирден кейін тіркелді. Бұл турнирде жеңіл салмақтың бұрынғы чемпионы, бразилиялық Чарльз Оливейра өз елінде Матеуш Гамротты айқын басымдықпен жеңіп, рейтингтің үздік он бестігіне қайта енді.

Бұған дейін Шавкат Рахмонов бірнеше ай бойы P4P рейтингінде 15-орында тұрған еді. Алайда соңғы уақытта ол жарақатына байланысты жекпе-жек өткізген жоқ. Мамыр айында спортшыға ота жасалған болатын.

Соған қарамастан, UFC-дің жартылай орта салмақ санатындағы рейтингте Рахмонов үздік үштік құрамында өз орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметіне өз бағдарламасын ұсынды

Redaktor

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Redaktor

Қазақстан құрамасынан Милан Олимпиадасына кімдер баратын белгілі болды

Redaktor