Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарХоккей

ҚХЛ: Миллиардтаған бюджеті бар «Барыс» жеңілістен көз ашпай келеді

"Барыс" ХК

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елордалық «Барыс» өз алаңында Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубымен кездесіп, жеңіліс тапты.

Ойынның 23-минутында қонақтар сапынан Никита Хоружев есеп ашты. Араға екі минут салып, Андрей Белозёров таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Бір минут өтпей, Кирилл Панюков бір шайбамен жауап берді. Алайда Белозёров көп ұзамай тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды — 3:1.

33-минутта Дінмұхамед Қайыржан есеп айырмасын қысқартқанымен, шешуші сәттерде «Нефтехимик» басымдықты сақтап қалды. Қонақтардан Иван Николишин (47′) және хет-трик жасаған Андрей Белозёров (51′) тағы екі шайба соғып, матчтың тағдырын шешті — 5:2.

Осылайша, «Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңіліп отыр. Енді елордалық клуб өз алаңында тағы үш матч өткізеді:
5 қараша — «Салават Юлаев» (Уфа),
7 қараша — «Автомобилист» (Екатеринбург),
9 қараша — «Металлург» (Магнитогорск).

Ұқсас жаңалықтар

EURO-2026: Қазақстан құрамасы футзалдан іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Redaktor

Шетелдік жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етті

Redaktor

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау аясында 135 шақырымдық аламан бәйге ұйымдастырылды

Redaktor

Пікір жазу