Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутзал

EURO-2026: Қазақстан құрамасы футзалдан іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Албаниямен өткізді.

Албания астанасы Тиранада өткен ойын 2:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. Жеңімпаздар сапынан Лео (5-минутта) және Ақжол Дәрібай (39-минутта) гол соқты.

Осылайша Қазақстан құрамасы үш ұпайға ие болды. Енді Рикардо Кака шәкірттері 18 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Армения құрамасын қабылдайды.

Іріктеу турнирінің 6-тобында Қазақстан мен Албаниядан бөлек Армения мен Дания құрамалары бар. Әр команда өз алаңында үш және сырт алаңда үш матч өткізеді. Жарыстың финалдық кезеңіне тек топта жеңіске жеткен команда шығады.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық спорт қауымдастығы тағы бір федерациямен толықты

Redaktor

Юлия Путинцева US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Redaktor

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Redaktor