Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

«Көңіл-күйім де түсіп кетті»: Бір жарыста үш алтын алған атлет қазақ халқына үндеу жасады

www.gov.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрғиса Әділетұлы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш бірдей алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша нәтиже көрсетіп, жұлқа көтеруде 175 келіні, серпе көтеруде 210 келіні бағындырды. Қоссайыс нәтижесінде 385 келі көрсеткішпен абсолютті жеңімпаз атанды.

Жарыстан кейін Нұрғиса Әділетұлы өз әсерімен бөлісіп, алдағы жоспарларын айтты:

Қазақ елі, міне, қоржынымызда үш алтын бар! Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Қолдау білдірген жанкүйерлерге көп рақмет! Екінші жаттығуда өз күшімді толық сезіне алмадым, жарыс ұзаққа созылған соң көңіл-күйім де түсіп кетті. Бірақ Құдайдың қалауымен үш алтын алдық. Бұл жеңісті барша қазақ халқына арнаймын. Рекордты жаңартуға болар еді, алайда осындай деңгейде сәл қобалжу болды. Әлі алда көптеген жарыс күтіп тұр. 2026 жылы Азия ойындары мен әлем чемпионаты өтеді. Сол жарыстарда 95 келі салмақта өнер көрсетемін, – деді спортшы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық теннисшілер ITF Juniors турнирлерінде үздік шықты

Redaktor

Қазақстан құрамасы толық ораза ұстап жүр — бас бапкер

Redaktor

Флорентино Перес 2026 жылы «Реал» президенті қызметінен кетеді

Redaktor

Пікір жазу