Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Милан-2026 қысқы Олимпиадасында Қазақстан туын ұстайтын спортшылардың есімдері белгілі болды

ҰОК

2026 жылғы қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты 6 ақпанда Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында өтеді.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев Қоғамдық кеңес отырысында ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстайтын спортшылардың есімін жариялады.

Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трек спортынан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Денис Никиша мен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Яна Хан көтереді, – деді Нұрлан Есембаев.

30 жастағы Денис Никиша – 500 метрлік қашықтықтағы әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері (2024, 2025), ал 25 жастағы Яна Хан – 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының эстафета күміс жүлдегері.

Сонымен қатар Нұрлан Есембаев Қазақстан құрамасының Милан-2026 Олимпиадасында 35 спортшыдан тұратынын атап өтті. Ең көп қатысушылар Ақмола облысы, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысы және Алматы қаласынан болады.

Аймақтар бойынша спортшылар саны:

Ақмола облысы – 9 спортшы

Астана қаласы – 8

Шығыс Қазақстан облысы – 8

Алматы қаласы – 6

Қостанай облысы – 5

Шымкент қаласы – 4

Павлодар облысы – 3

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы және Абай облысынан бір-бір спортшыдан.

Ұқсас жаңалықтар

«Отбасым үшін емес»: Жәнібек Әлімханұлы маңызды айқас алдында рингке не үшін шығатынын айтты

Redaktor

20 жылдан кейін: бокстан студенттер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанға қайта оралуы мүмкін

Redaktor

Бокстан еліміздің жастар құрамасы «Еуразия кубогына» қатысады

Redaktor

Пікір жазу