Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Милан-2026 Олимпиадасына арналған форманың эскизі жарияланды

Дене шынықтыру және спорт істері комитеті

Қазақстан құрамасының Милан-2026 жылғы Қысқы Олимпиадасына арналған формасы уақытында дайын болады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев мәлімдеді.

Қазақпарат сайтының жазуынша, техникалық талаптарды келісу және жеткізілген жабдықты бақылау мақсатында жұмыс комиссиясы құрылған. Комиссия құрамына ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің, ведомстволық ұйымдардың өкілдері және белгілі спортшылар кірді.

Форманы комиссияға көрсету үшін ұсындық, ол мақұлданды. Біз келісімшартқа отырған фирма 2026 жылғы 5 қаңтарға дейін форманы жеткізуі тиіс. Сол уақытта халықаралық Олимпиада комитетімен логотиптердің қай жерде, қай жағында және қандай өлшемде орналасуы тиіс екені келісілуде. Бірақ форма бойынша ешқандай мәселе жоқ. Комиссия жабдық тізімін бекітті, ол қазір ХОК-те келісімде тұр. Менің ақпаратымша, форма Қазақстанға келе жатыр, алдағы екі аптада бекітілген логотиптер орналастырылады, кейін елге таныстырылады, — деді Нұрлан Есембаев Қоғамдық кеңес отырысында.

Қазақстан құрамасының Милан-2026 Олимпиадасына арналған жабдық жинағына ашылу және жабылу салтанаттарында қолданылатын салтанатты форма, спорт іс-шарасы кезінде пайдалануға арналған жылы сыртқы киім, сондай-ақ жаттығу және күнделікті қолдануға арналған форма кіреді.

Жалпы комплект 22 атаудан тұрады. Форма бюджеттік емес қаражат есебінен сатып алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Бибосынов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ

Redaktor

Жарақатсыз дайындықтың құпиялары — Ерлан Дәуреновпен сұхбат

Redaktor

«Барыс» Омбының «Авангардын» 6:2 есебімен ойсырата жеңді

Redaktor

Пікір жазу