Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Өзбекстан құрамасын әлем чемпионатына шығарған бапкер АПЛ-дың топ клубынан ұсыныс алды

Uzbekistan Football Association

Өзбекстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Тимур Кападзе әйгілі ағылшын клубы – «Манчестер Ситиде» тағылымдамадан өткені жайлы айтты.

44 жастағы маман бірнеше күн бойы ағылшын клубында болып, команданың академиясындағы жаттығу процесін бақылады және бапкерлер штабымен тәжірибе алмасты. Осы сапар барысында оған өзбек жас таланттары мен «Сити» академиясы арасындағы байланыстырушы маман болу туралы ұсыныс түскен.

Мен «Манчестер Сити» академиясына барған кезде, ондағы мамандардың көбі немістер екенін байқадым. Олар менен: «Сіздерде Хусанов сияқты тағы жас ойыншылар бар ма?» – деп сұрады. Сол сәтте олардың оған қаншалықты риза екенін түсіндім, – деді Кападзе Sport TV телеарнасына берген сұхбатында.

Оның ойынына тек бапкерлер ғана емес, жанкүйерлер де риза. Тіпті клубтың спорт директоры маған өз визиткасын беріп: «Осындай ойыншылар пайда болса, бізге хабарлаңыз. Бізде скауттар бар, бірақ сіз жаттықтырушы ретінде оларды жақсырақ білесіз, – деп толықтырды өзбек маманы.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасының орталық қорғаушысы Абдукодир Хусанов 2025 жылғы қаңтарда Францияның «Ланс» клубынан «Манчестер Ситиге» 40 миллион еуроға ауысты. Бұл – өзбек футболы тарихындағы ең қымбат трансфер болды.

Еске сала кетсек, Тимур Кападзенің жетекшілігімен Өзбекстан құрамасы 5 маусым күні алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Команда сырт алаңда БАӘ құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнап, 18 ұпаймен А тобының екінші орнына тұрақтады және 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама иеленді.

Қазан айында ұлттық құраманың тізгінін италиялық маман Фабио Каннаваро қолға алды. Дәл сол маман Өзбекстанды тарихындағы тұңғыш әлем чемпионатына бастап шығады.

Ұқсас жаңалықтар

Стюарт Холл: Жастар футболын дамытамыз

Redaktor

Байсуфиновке жақсы команда құруға мүмкіндік беру керек — сарапшы

Redaktor

Қазақстан балуандары Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуын өткізеді

Redaktor

Пікір жазу