Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Геннадий Головкин мен Хабиб Нұрмагомедов Дубайда кездесті

Фото: instagram.com/gmg_max

Кәсіпқой бокстың бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин жеңіл салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы, ресейлік Хабиб Нұрмагомедовпен кездесті.

Кездесу Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтті. Бұл туралы Головкиннің інісі Максим Головкин өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол жариялаған суретте Геннадий Головкин, Хабиб Нұрмагомедов және Eagle FC ұйымының басшысы Шамиль Завуров бірге түскен. Пост бірнеше сағат ішінде 3 мыңнан астам лайк жинаған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Геннадий Головкин — Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, сондай-ақ World Boxing ұйымы жанындағы олимпиадалық комиссияның төрағасы қызметін атқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Канеломен жекпе-жек уақытын «белгіледі»

admin_beksports

Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-оффына шығу үшін шешуші ойын өткізеді

Redaktor

Елдос Сметов JENYS клубының капитандығынан кетті

Redaktor