Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Өзбектерден қорықты ма?»: Отандық боксшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатыспайды

boxingkazakhstan

2025 жылдың 7–21 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындары өтеді. Екі апта бойы 24 спорт түрі бойынша 270 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Биыл алғаш рет джиу-джитсу мен муайтай спорт түрлерінен де медальдар ойнатылады.

Бұл жарыста қазақстандық спортшылар да бақ сынайды. Ұлттық құрама сапында 98 спортшы — 48 ер және 50 әйел — 15 спорт түрінен сынға түседі. Олардың қатарында әлем чемпиондары Нұрғиса Әділетұлы мен Артём Антропов (ауыр атлетика), Ризабек Айтмұхан және Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Рамазан Құсайынов пен Жібек Құлымбетова (джиу-джитсу), Әбіл Ғалиев (муайтай), сондай-ақ Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (каратэ WKF) бар.

Қазақстан құрамасынан ең көп спортшы дзюдо (11 адам), жеңіл атлетика (10 адам) және джиу-джитсу (9 адам) спорт түрлерінен қатысады.

Өкінішке қарай, бокстан ұлттық құрама бұл жарысқа қатыспайды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз хатшысы Назерке Сұлтанбек мәлімдеді:

14–21 қазан аралығында Қазақстан чемпионаты өтеді. Одан кейін әлем кубогінің ақтық кезеңіне дайындық басталады. Ал 15–21 қараша аралығындағы Ислам ынтымақтастығы ойындарынан кейін 2026 жылғы қаңтарда өтетін World Boxing Азия чемпионатына бағытталған оқу-жаттығу жиыны жоспарланған. Сондықтан таңдау басым жарыстардың пайдасына жасалды, — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Көшпенділер ойындары: Астанада атқа мінгендер шеруі өтті

Redaktor

«Қайсарға» 5 млрд теңге бөліп, бірінші болмай-ақ қойдық — Қызылорда облысының әкімі

Redaktor

Демеу Жадыраевтың бапкерлікке кеткені дұрыс шығар: Юрий Мельниченко

Redaktor

Пікір жазу