Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Ресми: «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы екі ойынын Астанада өткізеді

Қайрат ФК

«Қайрат» футбол клубы УЕФА-мен келісе отырып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңдегі өз алаңындағы «Олимпиакос» (9 желтоқсан) және «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы матчтарын Алматыдан Астанаға, «Астана Арена» стадионына көшіру туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім Алматыдағы Орталық стадионда қыс мезгілінде ойын өткізу тәжірибесіне байланысты қабылданды. Алаңда шатырдың болмауы, суық ауа райы және қар жауу ықтималдығы жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, техникалық қызмет көрсетуге де қиындық келтіреді. Осы ретте көрермендерге барынша қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында матчтар жабық стадионда өтетін болды.

Ойын билеттерінің құны 15 000–50 000 теңге аралығында. Билеттер 28 қарашадан бастап Qairat SuperApp және Freedom SuperApp қосымшаларында сатылымға шығады. Бір жанкүйер екі билеттен артық рәсімдей алмайды.

 

Ticketon мамандары «Қайрат» клубының абонемент иелеріне жалпы сатылым басталғанға дейін хабарласып, билет рәсімдеу және басымдықпен сатып алу тәртібі туралы толық мәлімет береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ боксшыларын Головкиннің бапкері дайындайды

Redaktor

Сәкен мен Махмұдтың теке-тіресі жалғасады: Сәкен Бибосынов маңызды жеңісіне қол жеткізді

Redaktor

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден озды

Redaktor

Пікір жазу