UFC-дің бұрынғы чемпионы, америкалық Камару Усман (21-4) мансабын аяқтайтынын айтып, октагондағы соңғы жекпе-жектерін кімдермен өткізгісі келетінін мәлімдеді.
Биыл жазда Усман жартылай орта салмаққа қайта оралып, үш жеңілістен кейін Хоакин Баклиді (21-7) төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. Жекпе-жектен кейін Камару тағы бір рет чемпиондық белдікке таласуға ниетті екенін айтып, бұрынғы қарсыласы Конор Макгрегордың жетістігін қайталағысы келетінін жеткізді.
Усман өз мәлімдемесінде Ислам Махачевпен (27-1) де, Джек Делла Маддаленамен (18-2) де жекпе-жекке дайын екенін айтты. Айта кетейік, ресейлік Махачев қараша айында жартылай орта салмаққа көтеріліп, осы дивизионның чемпионы — аустралиялық Маддаленамен титул үшін кездеседі.
Осы жекпе-жектен кейін чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі ретінде қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) аталып жүр.
