Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

Қазақстандық десантшы-жауынгер әлем чемпионы атанды

Қазақстандық десантшы-жауынгер гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатында алтынға ие болды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қырғызстанда гір тасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды.

Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы  бақ сынады.

Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ал екінші орынға Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді, — делінген мәліметте.

Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші алтыны екенін айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасудан қашқан боксшы оңбай жеңілді

Redaktor

Сүйінші хабар! Қазақстандық жас теннисші ITF турниріндегі алғашқы жеке жеңісіне жетті

Redaktor

Данияр Қайсанов Азия чемпионатындағы нәтижені қорытындылады

Redaktor